Жаңалықтар

Астанада қоғамдық және дизель көліктерінің алыс жолға шығуына тыйым салынды

Фото: shutterstock

Аяздың күшеюіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық және дизель көліктердің алыс жолға шығуына уақытша тыйым салды.

«14 қаңтар сағат 20:00-ден бастап ауа температурасының -30 С төмендеуіне байланысты Астана қаласынан республикалық маңызы бар барлық бағыттағы тас жолдар дизельді және қоғамдық автокөлік түрлеріне шектеу енгізілді», – деп хабарлады департаменттің ресми Instagram парақшасы.

Қала маңына автобустар жүрмейді

Ал City Transportation Systems компаниясы да ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта №305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328 және 329 бағыттардағы автобустар жүрмейді.

Мамандар ескертуі

Құтқарушылар ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты азматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Мамандар қатты аяз кезінде көшеге шығуды барынша шектеп, жеке көлікпен алыс жолға шықпауға кеңес берді. Үйден шығуға мәжбүр болған жағдайда жылы киініп, қолғап пен бас киімді міндетті түрде кию ұсынылады.