
«Кальмар ойынының» режиссері Хван Дон-хек Netflix үшін жаңа жоба дайындап жатыр. Оның келесі жобасы «Дилер» (The Dealer) деп аталады. Бұл жайлы шетелдік БАҚ жазады.
Жаңа туынды – казино әлемі туралы корейлік криминалды драма, Netflix жобаны мақұлдап үлгерді. Сериалды режиссердің өз студиясы Firstman Studio шығарады.
Оқиға желісі казиноның талантты ойыншысы Геонхваның (Чон Со-мин) айналасында өрбиді. Жеке өмірінде тығырыққа тірелген бойжеткеннің құмар ойындар мен криминалды әлемге қайта оралудан басқа амалы қалмайды.
Актерлік құрамда Чон Со-мин, Рю Сын-бом, Ли Су-хек, Рю Кен-су бар.
Түсірілім жұмыстары осы жылы басталады. Ал сериалдың премьерасы шамамен 2027 жылға жоспарланған.
Әйгілі «Кальмар ойынының» 3-маусымы былтыр жазда аяқталды. Картинаның жалғасы болуы мүмкін. Режиссер Хван Дон-хек сериалдағы VIP-кейіпкерлердің образын жасауға режиссер Хван Дон Хекке миллиардер Илон Маск шабыт бергенін айтады.