Lifestyle

Қазақстандық топ-модель Балиде ресейлік блогерге шабуыл жасады деген күдікке ілінді

Гүлсезім Алтайбекова
Қазақстандық топ-модель Балиде ресейлік блогерге шабуыл жасады деген күдікке ілінді / Фото: Instagram / miss_sng

Индонезия билігі Бали аралындағы барлардың бірінде болған оқиғаға байланысты тексеру бастады. Онда ресейлік 27 жастағы блогер-фотограф Карина Фадеева зардап шеккен.

Аif.ru басылымының жазуынша, оқиға 10 қаңтарға қараған түні Бадунг ауданында болған. Фадеева достарымен бірге барлардың бірінде жарақат алған. Полиция күдіктіні ұстаған. Ол 2022 жылғы «ТМД аруы» байқауына Қазақстан атынан қатысқан, бірнеше жыл бұрын Балиге қоныс аударған топ-модель Гүлсезім Алтайбекова.

Фадееваның айтуынша, Алтайбекова сүйіктісі Вячеславты блогер қыздан қызғанып, оған ауыр темір шамды лақтырған. Оқиғадан кейін жұп бардан кетіп қалған. Әлеуметтік желіде ресейлік блогер қыз тек шабуыл жасаған адаммен ғана емес, сондай-ақ оқиға кезінде полиция шақырмаған және бейнебақылау жазбаларын ұзақ уақыт беруден бас тартқан бар басшылығымен де соттасуға ниетті екенін атап өтті.

Осыған дейін 2026 жылғы 11 қаңтарда қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға ел аумағында іздеу салынғанын жазған едік.