Жаңалықтар

БҰҰ отырысында АҚШ Иранға ескерту жасады

фото: depositphotos.com

Егер Иран үкіметі Тегеранда болып жатқан көтерілісті қарулы күшпен басып-жанши беретін болса, АҚШ елге әскерін кіргізуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында АҚШ-тың арнайы өкілі Майк Уолт мәлімдеді.

«Әріптестер, ашық айтуға рұқсат етіңіздер: Президент Трамп – бос сөздердің емес, істің адамы. Ол қантөгісті тоқтату үшін барлық нұсқаларды қарастыруға дайын. Иран режимінің басшылығы мұны кез келген адамнан жақсы білуі тиіс», – деді Уолтц.

Ал Иранның БҰҰ жанындағы өкілінің орынбасары Голямхоссейн Дарзи АҚШ-ты қатаң сынға алды. Ол Вашингтонды «Ирандағы тәртіпсіздіктерді басқаруға тікелей қатысып, оны зорлық-зомбылыққа дейін жеткізіп отыр» деп айыптады.

«Иран халқына деген жалған қамқорлық пен адам құқықтарын қолдау туралы мәлімдемелерді сылтау ете отырып, АҚШ өзін иран халқының досы ретінде көрсетуге тырысуда. Сонымен бірге, олар «гуманитарлық» деген атпен саяси тұрақсыздық пен әскери араласуға негіз қалап жатыр», – деп атап өтті Дарзи.

Ирандағы халық көтерілісі осы жылдың басынан бері болып жатыр. Reuters мәліметінше, осы уақытқа дейін елде екі мыңнан аса адам қайтыс болған.

Шерулер болып жатқан тұста АҚШ мен Иран арасы шиеленісе түсті. Тегеран елдегі АҚШ әскери базаларына соққы жасауы мүмкін екенін ескертті.