Жаңалықтар

Нұрай Серікбай қазасы: күдіктінің блогер туысы кешірім сұрады (видео)

21 жастағы Нұрай Серікбай / фото: марқұмның анасынан

Бар болғаны 21 жасында бақилық болған Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікпен ұсталған адамның туыстары кешірім сұрады. Күдіктінің бір туысы танымал блогер болып шықты.

Әулеттің үлкендері кешірім сұрады

Қамаудағы күдіктінің аты-жөні Шерхан Аймахан екені мәлім болды. 28 жастағы жігіт екі айға қамалып, «кісі өлтіру» бабымен тергеліп жатыр.

Күдіктінің аты-жөнін оның жақын туысы, блогер Мағжан Аймаханов әлеуметтік желіге жазды. Ол Instagram-да жарияланған видеода марқұмнын туыстарынан кешірім сұрады.

«Шымкентте Нұрайға қатысты болған оқиғаға бойынша (эфирге – ред.) шығып тұрмыз.
Ең әуелі Нұрайдың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», – деді блогер.

Блогер кейінгі уақытта Шерхан туысың ба деген сұрақтар жиі қойлатынын айтып, күдікті әкесінің інісінің баласы екенін жариялады.

«Иә, Шерхан менің әкемнің інісінің баласы. Біздің туысымыз», – деді Мағжан.

Оның айтуынша, әулеттің үлдері де марқұмның шаңырағына барып, құран бағыштап қайтқан.

Блогер іске ықпал ете ме?

Аймаханов күдіктінің туысқан блогері тергеуге әсер етпей ме деген әңгіме тарап жатқанын да жасырмады. Мағжанды Instagram-да 964 мың адам оқиды.

«Керісінше, халықтың алдында жүрген адам ретінше, қанша жерден туыс болса да, бұл жағдайда әділ жаза, әділ сот шешімі шыққанын қалаймыз», – дейді ол.

Ол сөзін «қылмыс жасаған адам әділ жазасын алсын» деп түйіндеді.

Бұған дейін Kursiv.Media тілшісі Нұрайдың жаназасына қатысым, жұртты дүрліктірген қылмысқа қатысты сұмдық жайттарды білген.