
«Қайрат» футбол клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Kursiv.Media алматылық клуб мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
24 жастағы Себальостың келісімі 2027 жылдың аяғына дейін жарамды. Жартылай қорғаушы бұған дейін аргентиналық «Реал Оруро» клубында ойнаған. Өткен маусымда 40 матч өткізіп, 18 гол соққан.
«Сары-қара отбасыға қош келдің, Себастьян!» – «Қайрат» жаңа футболшыны осылай қарсы алды.
«Қайрат» клубы сұрамын нығайтып жатыр. Бұған дейін алматылық команда бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа отырған. 30 жастағы «Фламенго», «Сантос», «Лондрина» және «Эшторил» сынды танымал клубтардың намысын қорғаған.
Алматылық команда 28 қаңтарда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсеналмен» ойнайды. Матч Лондонда өтеді. Билет сатылып жатқаны хабарланды.