Жаңалықтар

Теңізде мұнай зауыты өртеніп, жүздеген жұмысшы эвакуацияланды

Теңіз қалашық зауыт өрт Теңізшевройл
коллаж: Kursiv.Media

«Теңізшевройл» мұнай компаниясының Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан зауыты өртеніп, жүздеген жұмысшы эвакуацияланды.

Жергілікті «Ақ Жайық» газетінің мәліметінше, өрт 18 қаңтарда таңертең сағат 09:55 шамасында шыққан. Теңіз кен орнындағы үшінші буынға жататын зауыттың 52-учаскесі өртенген.

Теңіз зауыт өрт
фото: petrocouncil.kz

«От бірінші және екінші генератор арасындағы трансформатор орналасқан аумақта тұтанған», – деп таратты басылым.

Зауыт аумағындағы жүздеген жұмысшы эвакуацияланған. Баспасөз барлығы 473 адам шығарылғаны туралы мәлімет таратты. Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жарияланбады. Өрт сөндірілді.

«Теңізшевройл» компаниясына тиесілі зауыттың өртену себебі анықталып жатыр.