
Бельгияның атақты «Брюге» футбол клубы Астана қаласына ұшып келді. Команда сапарының бір сәтін әлеуметтік желіде жариялап, «Бельгиядан Қазақстанға бір минутта» деген жазумен қысқа видео бөлісті.
Бельгиялық клуб ертең, 20 қаңтар күні сағат 20:30-да Астана аренада алматылық «Қайрат» командасымен Чемпиондар лигасы аясында кездеседі.
«Қайрат» үшін бұл кездесу еурокубок аясында өз алаңында өткізетіни соңғы ойын болмақ. Бұдан кейін алматылық ұжым 28 қаңтар күні Англияның «Арсенал» командасымен ойнау үшін Лондонға аттанады.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Қазақстандық клуб кипрлік «Пафоспен» (0:0) тең ойнап, қалған бес ойында жеңіліс тапты. Атап айтқанда, «Спортингтен» – 1:4, «Реалдан» – 0:5, «Интерден» – 1:2, «Копенгагеннен» – 2:3, және Олимпиакостан 0:1 есебімен ұтылды.