Жаңалықтар

Гренландия үшін ЕуроОдақ АҚШ-қа қарсы баж салығын енгізбекші

Фото: Yves Herman/REUTERS

Гренландияға қолдау білдіргені үшін Дональд Трамп сегіз Еуропалық елдің баж салығын 10%-ға көтеруі мүмкін екен жариялаған еді. Осыған жауап ретінде ЕуроОдақ АҚШ-қа қарсы салық енгізіп, өз аумағында америкалық компаниялардың жұмысын шектемекші. Бұл жайлы Брюсселдегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Spiegel және Reuters жазады.

Құпия спикердің сөзінше, қазір виски, ұшақ бөлшектері, соя, құс еті және басқа да америкалық тауарларға 93 млрд еуро көлемінде қарсы салық салуды қарастырып жатыр. Егер қабылданса, бірден күшіне енуі мүмкін. ЕуроОдақ елшілері бұл мәселеге қатысты шұғыл жиын өткізді, бірақ әзірге нақты келісімге келе алмады.

Осыған дейін Трамп Ұлыбритания, Германия, Дания, Нидерланды, Норвегия, Финляндия, Франция және Швецияға қарсы 10%-дық баж салығын енгізген еді. Себебі Трамп Гренландияны күштеп өзіне қосып алмақшы болғаннан кейін ЕО АҚШ-пен арадағы сауда келісімін рәсімдеуді тоқтатып қойған.

Гренландияны АҚШ-қа қосу туралы идеяны Трамп 2019 жылдан бері айтып келеді. Қаңтардан бері бұл тақырыпты қайта көтеріп, Конгрессте талқылана бастады. Жауап ретінде Дания жақтастары Гренландияға әскери күштерін жіберді.