Жаңалықтар

Илон Маск 4 секундта әлемнің орташа жылдық табысына пара-пар ақша табады

Сот Илон Маск лотерея ойнатуға құқылы деп тапты
Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылы әлемегі ең бай миллиардерлердің жалпы дәулеті тарихи рекордты жаңартып 18,3 трлн долларға жетті.

Ақпаратты Oxfam ұйымына сілтеме жасаған немістің Deutsche Welle қызметі жариялады. Ұйым мұндай жағдайды демократияға төнген қауіп деп санайды.

Былтыр әлемдегі миллиардерлердің жиынтық байлығы 2,5 трлн АҚШ долларынан асқан. Oxfam баяндамасы Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум қарсаңында дайындалған.

Ұйымның дерегінше, миллиардерлердің жалпы дәулеті 2020 жылдың наурыз айынан бері 81%-ға өсіп, 18,3 трлн долларға (15,8 трлн еуро) жеткен. Әлемдегі ең бай адам Илон Маск төрт секундтың ішінде әлемдегі орташа жылдық табысқа тең соманы тапқан.

Әлемдегі орташа жылдық табыс шамамен 6 000 – 10 000 долларды құрайды.

Баяндамада әлем халқының жартысына жуығы кедейлікте өмір сүріп жатқаны, ал олардың үлесіне жаһандық байлықтың небәрі 0,52 пайызы ғана тиетіні көрсетілген. Ал ең бай бір пайыздың қолында әлемдік байлықтың 43,8%-ы шоғырланған.

«Біз миллиардерлер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ал бұл – әлем үшін қауіпті үрдіс», – деді Oxfam-ның Германиядағы бөлімшесінің төрайымы Шарлотта Бекер.

Беккер аса бай топтардың экономикалық ықпалының саяси күшке айналуы демократияның іргесін шайқалтпады деген пікірде.

Айта кетейік, бұған дейін миллиардер Илон Маск байланыссыз отырған Иран халқы үшін Starlink спутниктік интернетін тегін тарататыны жайлы жазған едік.