Банк пен қаржы

Қазақстандағы ең бай адамдар (инфографика)

Қазақстандағы ең бай адамдар / Фото: коллаж Kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстан миллиардерлерінің дені байлықты қаржы және табиғи ресурстарды игеру саласындағы қызметі арқасында жинаған. Төменде елдегі ең бай адамдардың Forbes тізіміндегі орнына сай (2025 жыл) әзірленген инфографика берілген.

Инфографиканы зерттеуші, деректерді өңдеу және талдау саласының маманы Нұрасыл Әбдіразақұлы жасаған. 

Байлық көрнекі форматта

Қазақстанның ең бай 10 адамы көрсетілген мына визуализациядағы суретті шеңберлер сол тұлғаның байлығы (капиталы) көлеміне сәйкестендіре салынып, жанына соған тиесілі ең танымал компанияның логотипі жазылған. Бұл адамдарға қарасты бір емес, бірнеше компания бары анық, алайда мына инфографикаға олардың бұқараға таныс, көпшілік біледі деген компаниялары ғана қосылған. 

Инфографиканы әзірлеген: Н.Әбдіразақұлы/nurasyl.space

Қазақстанның доллар миллиардерлері

Жоғарыдағы тізімге енген алты азамат елдегі доллар миллиардерлерінің қатарында. 

Инфографиканы әзірлеген: Н.Әбдіразақұлы/nurasyl.space

Байқағаныңыздай, елдің ең ықпалды деген кәсіпкерлерінің байлығы, негізінен, олардың финтех, тау-кен өндірісі, сауда және банк салаларындағы активтерімен байланысты. 

Қазақстан миллиардерлеріне байлық-дәулет атадан мұра болып қалмаған, олар бизнесін Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін дөңгелете бастаған.