
Ресей президенті Владимир Путин Газа бойынша «Бейбітшілік кеңесінің» құрамына қатысу жөнінде АҚШ тарапынан шақырту алған. Қазір ұсыныс қарастырылып жатыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге осылай деп мәлімет берген.
Песковтың сөзінше, Путинге дипломатиялық арналар арқылы аталған кеңес құрамына кіру ұсынысы түскен.
«Қазір біз ұсыныстың барлық егжей-тегжейін зерделеп жатырмыз», – деді ол.
Сондай-ақ Песков барлық жайтты нақтылап алу үшін америкалық тараппен байланыс орнатуға үміттенетінін айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақыру алған еді. Ал Қазақстанға осы кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды.