
Ташкент қаласынан көшірілетін экологиялық тұрғыдан қауіпті әрі энергияны көп қажет ететін кәсіпорындар тізіміне 87 нысан енгізілді.
Gazeta мәліметінше, алғашқылардың бірі – 1970-жылдардағы жабдықтармен жұмыс істеп келген «Узвторцветмет» кәсіпорны. Ол Жизақ облысына көшірілмек. Бұл – жылына зиянды шығарындыларды 226,7 тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Былтыр мамыр айынан бастап, Ташкентте, Нүкісте және басқа да облыс орталықтарында асбест пен цемент өндірісіне, шлам мен тері илеу және құс фабрикаларына, газ тазарту қондырғыларынсыз кез келген көмір түрін жағуға, улы химиялық заттармен жұмыс істейтін өндірістерге тыйым салынған болатын.
Кәсіпорындарды көшіру өндіріс қуатын жаңғыртумен және өндіріс процестерін заманауи экологиялық стандарттарға сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылмақ.
Астанадағы ауа сапасын жақсарту жөніндегі арнайы комиссияның хабарлауынша, осындай кәсіпорындардың алғашқыларының бірі – Янгихаёт ауданындағы өнеркәсіп аймағында орналасқан, екінші реттік түсті металдарды дайындау, қайта өңдеу және өндірумен айналысатын кәсіпорын болып отыр.
Айта кететін жайт, Ташкент әлемдегі ауасы ең лас қала болып танылып отыр.