Жаңалықтар

«Интер» – «Арсенал» матчының тікелей трансляциясы

фото: Arsenal.com

21 қаңтарға қараған түні миландық «Интер» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-тур аясында лондондық «Арсеналды» қабылдайды.

Италиялық клуб бұл ойынға Ливерпульдегі ауыр сапардан кейін шығады. Алдыңғы турда «Интер» сырт алаңда «Ливерпульге» 0:1 есебімен жеңілді. Соған қарамастан команда турнирлік кестедегі жоғары позициясын сақтап отыр: алты турдан кейін миландықтар 12 ұпаймен 6-орында орналасты.

Ал «Арсенал» қазір Еуропадағы ең мықты ұжым болып тұр. Лондондықтар алдыңғы турда бельгиялық «Брюггені» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, турнирдегі көшбасшылығын нығайтты. Қазіргі таңда ағылшын клубы 18 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турнирлік кестенің көш басында тұр.

«Интер» – «Арсенал» кездесуі Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясы Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

Еске сала кетейік, «Интерге» қарсы алматылық «Қайрат» Миланда қарсы ойнап, 2-1 есебімен ұтылған еді. Ал 28 қаңтар күні «Қайрат» Лондонда «Арсеналға» қарсы ойнайды.