
Чемпиондар лигасы аясында өткен «Қайрат» пен «Брюге» арасындағы матч бельгиялық клубтың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Ойын барысында «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков алыстан керемет соққы жасап, қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Осылайша Әділет Садыбеков Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақстандық футболшы атанды. Бұған дейін Дастан Сәтбаев пен Олжас Байбек «Копенгаген» қақпасына гол соққан еді.
Айта кетейік, бұл матч «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы соңғы ойыны болды. Енді алматылық клуб топтық кезеңдегі соңғы кездесуін 28 қаңтар күні Лондонда, ағылшынның «Арсенал» командасына қарсы өткізеді.