Жаңалықтар

Жаңа Салық кодексі қайта қаралуы мүмкін: Тоқаев ұсыныстарды зерделеуді тапсырды

Фото: kursiv.media мұрағаты

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Президент Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты қоғам тарапынан айтылған орынды әрі конструктивті ұсыныстарды мұқият талдап, қажет болған жағдайда құжатқа тиісті түзетулер енгізуді тапсырды.

«Түптеп келгенде Салық кодексі – қасиетті жазба емес. Егер қажет болса, оған да өзгеріс енгізуге болады», – деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп жатыр.