Жаңалықтар

Әзербайжандық «Қарабах» «Барселонамен» ойнауы мүмкін

фото: instagram

Әзербайжанның «Қарабах» футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 7-турда Германияның «Айнтрахтын» өз алаңында 3:2 есебімен жеңіп, плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Әзербайжандық команда матч тағдырын қосымша уақыттың соңғы минуттарында шешті.

Бұл кездесуде екі командаға да жеңіс қажет еді. Себебі үш ұпай ғана келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігін сақтап қалатын. Гурбан Гурбанов шәкірттері шешуші сәтте мінез көрсетті. Ойын соңында қосылған 4-минутында бразилиялық Матеус де Барроса да Силваның қапталдан асырған добын Бахлул Мустафазаде дәл бағыттап, есепті 3:2-ге жеткізді.

Турнир форматы қандай?

Жаңа регламентке сәйкес, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде 36 команда өнер көрсетеді. Әр клуб 8 түрлі қарсыласпен ойнайды.

Алғашқы 8 орын алған команда тікелей 1/8 финалға өтеді

Жалпы кезең — 1–8 орын (тікелей 1/8 финал)

ОрынКлубОйынЖТЖГолҰпай
1Арсенал770020–221
2Бавария760120–718
3Реал Мадрид750219–815
4Ливерпуль750214–815
5Тоттенхэм742115–714
6ПСЖ741220–1013
7Ньюкасл741216–613
8Челси741214–813

9–24 орындар плей-офф жолдамасы үшін бір-бірімен ойнайды.

ОрынКлубОйынЖТЖГолҰпай
9Барселона741218–1313
10Спортинг741214–913
11Манчестер Сити741213–913
12Атлетико М741216–1313
13Аталанта741210–913
14Интер740313–712
15Ювентус733114–1012
16Боруссия Д732219–1511

9–16 және 17–24 орын алған командалар арасында жеребе тартылып, бір-бірімен ойнайды. Осы кезеңде жеңіске жеткен клубтар Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алады.

ОрынКлубОйынЖТЖГолҰпай
17Галатасарай73139–910
18Қарабах731313–1510
19Марсель730411–119
20Байер723210–149
21Монако72328–149
22ПСВ722315–148
23Атлетик Б72237–118
24Олимпиакос72238–138

Турнирден шыққандар (25–36 орын)

Соңғы төрт команда: «Айнтрахт», «Славия», «Вильярреал» және алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жарысын аяқтады.

«Қайрат» алдыңғы ойында бельгиялық «Брюге» командасына 4-1 есебімен жеңілген еді. «Қайрат сапынан жалғыз голды Әділет Садыбеков салды.