Жаңалықтар

FlyArystan ақпаннан бастап Астанадан Кутаисиге уақытша ұшпайды

Билет алып қойғандар ақшасын қайтара алады/фото: shutterstock

FlyArystan ұшақтары Астанадан Грузияның Кутаиси қаласына уақытша ұшпайтын болды.

Әуе компанияның хабарлауынша, ақпаннан 15 наурыз аралығында рейстер уақытша тоқтатылады.

16 наурыздан бастап Астана – Кутаиси бағытындағы рейстер қайта орындалады.

Ал билет алып қойған жолаушыларға басқа билет алу мүмкіндігі берілген. Сондай-ақ билет құнын толық қайтарып алуға болады.

Билет FlyArystan ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан сатып алынған болса, жолаушы өзгерістерді «Брондауды өзгерту» бөлімінде енгізуіне болады. Билет басқа платформалар немесе агенттіктер арқылы рәсімделген жағдайда, жолаушыларға сол платформаға жүгінуі қажет.

Бұған дейін көлік министрі Нұрлан Сауранбаев овербукинг фактілері (рейсте ұшақтағы орындарға қарағанда көбірек билет сатылатын жағдай – ред.) тексерілмейтінін айтты. Сөзінше, бұл авиакомпаниялардың кең таралған тәжірибесі.