Жаңалықтар

Оралда оқушылардың видеосынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Оқиға 2025 жылдың қазанында болған/фото: shutterstock

Оралда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Батыс Қазақстан облысы полициясының хабарлауынша, оқиға 2025 жылдың қазанында болған. Алайда қазірге дейін ешқандай арыз-шағым түспеген.

Видео тарағаннан кейін полиция тексеріс жүргізген.

«Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қатарласын ұрып-соққандар полицияға жеткізілді. Жасөспірімдердің ата-анаcы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген ақпаратта.

Барлық материал кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия қарауына жолданған.

«Қазір балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, онымен Психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істейді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс те қозғалды», – деп хабарлады полиция.

Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бұған дейін Оралда мектеп оқушысы басқа жасөспірімге пышақпен шабуыл жасаған. Содан кейін қылмыстық іс қозғалды