
Алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші тур аясында лондондық «Арсеналға» қарсы өтетін матчқа қатысу үшін Ұлыбритания астанасы Лондон қаласына жол тартты.
«Арсенал» – «Қайрат» кездесуі 29 қаңтарға қараған түні «Эмирейтс» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Айта кетейік, «Қайрат» үшін бұл 2025-2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасында соңғы ойын. Алдыңғы ойында алматылық ұжым Астана аренада бельгиялық «Брюге» командасына есе жіберген еді.
Ал Әзербайжандық «Қарабах» футбол клубы «Қайратқа» қарағанда Чемпиондар лигасындағы жорығын ары қарай жалғастырады. 28 қаңтар күні әзербайжандықтар Англияның «Липерпуль» құрамасымен кездеседі.
Сондай-ақ «Қарабах» келесі кезеңде испаниялық атақты «Барселона» командасымен кездесуі мүмкін екенін жазған едік.