
Футболшы Шерхан Қалмұрза Алматының «Қайрат» клубымен келісімшартын ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, тараптар арасындағы жаңа келісім 2028 жылдың 30 қарашасына дейін есептелген.
Айта кетейік, 18 жастағы Шерхан Қалмұрза 2025 жылдың Чемпиондар лигасында «Реал Мадридке» қарсы ойында қақпаға тұрып, жұлдызы жанған еді.
Бұған дейін қақпашыға «Тараз» футбол клубы қызығушылық танытқан еді.