Жаңалықтар

Сөз бостандығы мен бейбіт жиынға кепілдік сақталады – депутат Конституция жайлы

религия и государство
Сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқықтық кепілдік сақталады – депутат Конституцияға түзетулер туралы / Фото: GOV.KZ

Қазақстан Конституциясының 18 және 32-баптары сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқықтық кепілдіктерін қозғамайтын редакциялық-нақтылаушы түзетулер алады. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Никита Шаталов Конституциялық комиссияның үшінші отырысында айтты.

Шаталов Конституцияның 18 және 32-баптарына енгізілген түзетулер сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқықтың Конституциялық кепілдіктерінің мәнін өзгертпейтінін атап өтті-. Яғни олар бұрынғыдай сақталады.

«Конституцияда бұрын айтылған пәкірлер ғана нақтылануда. Яғни қазір қоғам үшін өте маңызды осы нормаларды таза рәсімдеумен айналысып жатырмыз. Бұл жаңа тыйымдар туралы емес, қоғамда екі жақты түсіндірмелер мен дабыл үшін қосымша себептер болмауы үшін қолданыстағы тепе-теңдікті дәлірек тұжырымдау туралы», – деді депутат.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында ел Конституциясы қайта жазылатынын мәлімдеген. Осы мақсатта елде Конституциялық комиссия құрылып, оның құрамына 100-ден астам азамат кірді. Ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері бар.