Жаңалықтар

Тыныштық бұзу, қоқыс, вандализм: тұрғын үйлердегі әкімшілік айыппұл қаншаға өсті

Фото: shutterstock

2026 жылы бірқатар заңбұзушылақтар үшін салынатын айыппұл көлемі артты. Бұл айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (1-АЕК 4325 теңгеге) өсуімен байланысты. Дәл осы көрсеткіш әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, зейнетақы есептеулерінде қолданылады. Енді кейбір құқықбұзушылықтар үшін 200 000 теңгеге дейін айыппұл немесе 20 тәулікке қамауға алу қарастырылады.

Krisha.kz мамандары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте
қандай әрекеттер үшін айыппұл салынатынын түсінідірді.

Тыныштықты бұзу

Тұрғын үйлерде және аулаларда 22:00-ден 9:00-ге дейін, аптаның қай күні болса да шулап, тыныштықты бұзуға тыйым салынған. Бұл норма Әкімшілік кодекстің 437-бабында көрсетілген.

Ал кафе, бар және тұрғын үйлер жанындағы басқа да мекемелер үшін ережелер сәл басқаша:

  • Жұмыс күндері – 22:00-ден 9:00-ге дейін;
  • Демалыс күндері мен мерекелерде – 23:00-ден 10:00-ге дейін.

Тыныштықты бұзуға келесідей әрекеттер жатады:

  • Перфоратор құрылғысымен жөндеу жұмыстары;
  • Айғай, төбелес;
  • Дыбыс деңгейі жоғары музыка немесе қатты дыбыспен қосылған теледидар;
  • Отшашу және пиротехникалық заттардың жарылуы.

Айыппұл мөлшері:

  • Тұрғындарға – 21 625 теңгеден (5 АЕК);
  • Мекемелерге – 86 500 теңгеден (20 АЕК) және одан жоғары.

Тұрғылықты мекенжайға тіркелмеу

Пәтер сатып алып, алайда оған уақытылы тіркелмеген жағдайда да айыппұл қарастырылған. Әкімшілік құқықбұзушылықтың 492-бабына сәйкес пәтерге көшкеннен кейін тіркелуге 30 күн беріледі. Егер мерзімінен асып кеткен жағдайда, айыппұл – 30 275 теңгені (7 АЕК) құрайды. Ал қайталанған жағдайда 56 225 теңге (13 АЕК) айыппұл салынады.
Тіркелу тек жалға алушыларға ғана емес, меншік иелеріне де қатысты. Егер жалға алушылар тіркелмей тұрса, меншік иесіне қаржылай жауапкершілік көзделген:

  • алғашқысында – 43 250 теңге (10 АЕК);
  • қайталанса – 86 500 теңге (20 АЕК).

Артық заттарды дәлізге қою

Ескі шкаф, балалар арбасы немесе қораптарды көп қабатты үйдің кіре беріс дәлізінде қалдыру да заңға қайшы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың 410-бабына сәйкес мұндай заттар өрт қауіпсіздігін бұзу болып есептеледі.

Өрт немесе жер сілкінісі кезінде жолдар мен өткелдер бос болуы керек.
Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) инспекторлары құқықбұзушылықты анықтаса, жауапкершілікке тартылады.

Айыппұл мөлшері:

  • бірінші рет – ескерту немесе 21 625 теңге (5 АЕК);
  • қайталанған жағдайда – 43 250 теңге (10 АЕК).

Қоқыс

Қоқсты уақытылы шығармай, есік алдына ұзақ уақытқа қою да құқықбұзушылық болып саналады.

Айыппұл: 43 250 теңге (10 АЕК, әкімшілік құқықбұзушылықтың 434-2-бабы) немесе 40 сағат қоғамдық жұмыс.

Егер бір жыл ішінде қайталанса – 86 500 теңге (20 АЕК) немесе 80 сағат қоғамдық жұмыс.

Шылым шегу

Подъезде, баспалдақ алаңдарында, лифтіде шылым шегуге болмайды.

  • бірінші рет бұзған жағдайда – 64 875 теңге (15 АЕК, әкімшілік құқықбұзушылықтың 441-бабы).
  • қайталанса – 86 500 теңге (20 АЕК).

Алкогольдік ішімдік

Подъезд, баспалдақ және аула сияқты қоғамдық орындарда алкоголь өнімін ішуге болмайды. Бұл үшін де жауапкершілік (әкімшілік құқықбұзушылықтың 440-бабы) көзделген.

  • Бірінші рет – 21 625 теңге (5 АЕК).
    Екінші рет – 43 250 теңге (10 АЕК), немесе 20 сағат қоғамдық жұмысқа жіберу, тіпті 5 тәулікке қамауға алу мүмкін.

Вандализм

Қабырғадағы жазулар, пошталық жәшіктер мен шамдарды сындыру сияқты ерсі әрекет жасағандар да жауапкершіліктен қашып құтылы алмайды.

  • бұл әрекеттерге ең жоғарғы айыппұл қарастырылған – 216 200 теңге (50 АЕК, әкімшілік құқықбұзушылықтың 147-1-бабы) немесе 5–20 тәулікке қамау.
  • бір жыл ішінде екінші рет қайталанса – 20–30 тәулікке қамалады.