
XXV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Ұлттық құрамалар Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларындағы жарыстарға қатысатын атлеттердің киімдерін таныстырып жатыр. Көпшілік Моңғолия спортшыларының ұлттық нақыштағы киімдеріне тәнті болды.
Тағы да сенсация
Моңғол атлеттері Олимпиада секілді ірі додаларда көп жүлде алмаса да, жоғары деңгейдегі сән үлгісімен, ұлттық дәстүрімен әлемдік сенсацияға айналып жүр. Команданың 2026 жылғы қысқы додаға да тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр.
Өткен аптада жарысқа киетін киімдерін таныстырған уақытта, көпшіліктің назары тағы да Моңголияға ауды. Жаңа киім үлгілерін дайындаушылар XIII–XV ғасырлардағы Ұлы Моңғол империясы кезінде қалыптасқан сәннен шабыт алған. Бұл жолы брендерді Goyol Cashmere тікті.
«Осы дизайн арқылы біз Орталық Азия таулы аймақтарының ұзаққа созылатын қысына төтеп берген моңғолдардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төзімділігін, даналығын және жауынгерлік рухын әлемдік спорт сахнасына мақтанышпен ұсынамыз», – деп сипаттады Goyol соны киім үлгілерін.
Көшпелі өркениет рухы
Моңғол кашемирінен тігілген киімдер жібек матамен көмерілген. Оған дәстүрлі ою-өрнектер салынған. Киімдерден Көшпелі өркениет рухы сезіліп тұрады. Көпшілік те таңданысын жасыра алмады.
- «Мен көрген ең әдемі Олимпиада киімдері!»;
- «Моңғолия туралы көбірек біліп, бай тарихымен танысқым келеді. Шыңғысханнан басқа ешкімді білмеймін»;
- «Адамдар еркін дала киімдерін аңсайды», – деп жазды Instagram қолданушылар.
Моңғолия атынан биыл Милан-Кортино ойындарына бар болғаны үш спортшы қатысады.







