Жаңалықтар

2,2 млрд доллар қытай ақшасына жел және күн электр станциялары салынады

күн электр станциясы
фото: shutterstock

28 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қытай арасында жасыл энергия жобаларын іске асыру туралы келісімді мақұлдады. Құжат елдің үш өңірінде шамамен 2,2 млрд доллар инвестицияға жел және күн электр станцияларын салуды көздейді.

Қытай мен Қазақстан үкіметтері осындай келісімге 2024 жылғы 12 қарашада Баку қаласында қол қойған. Құжатты парламентке таныстырған энергетика министрі Ерлан Аккенженовтің айтуынша, келісім 1,5 ГВт болатын үш жел электр станциясы мен қуаты 0,3 ГВт болатын бір күн электр станциясын салуды көздейді. Ірі жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстары аумағында жүзеге асады.

Жобалар пакеті

Жобалар пакеті (1800 МВт)

Облыс Станция түрі Генерация (МВт) Қуаты (МВт) Сыйымдылығы (МВт·сағ)
Павлодар Жел электр станциясы 1000 300 600
Қарағанды Жел электр станциясы 500 150 300
Түркістан Күн электр станциясы 300 90 360

Ақкенженов ірі станцияларға 2,2 млрд доллар инвестиция тартылатынын мәлімдеді. Құрылысқа 1,5 мың адам қабылданса, кейін жүз шақты адам тұрақты жұмыс істейді.

Қытаймен арадағы ірі жобаға Қазақстан атынан бірлескен инвестор ретінде «Самұрық-Энерго» компаниясы қатысады.

Екі ел үкіметінің келісімін енді Сенат талқылайды.