Жаңалықтар

ChatGPT-дегі жарнаманы қаншаға сатып алуға болады

Переписка с ChatGPT станет доказательством в суде
фото: ашық дереккөзден

Енді ChatGPT чат-ботындағы жарнаманы 1000 қаралым үшін 60 долларға сатып алуға болады. Бұл Meta желілеріндегі әдеттегі жарнама құнынан шамамен үш есе қымбат деп жазады The Information басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап.

Дегенмен OpenAI жарнама берушілерге Google немесе Meta-мен салыстырғанда жарнама науқандарының тиімділігі туралы әлдеқайда аз мәлімет береді екен. Яғни жарнамаға өту саны, жалпы қаралым деген сияқты жалпы деректерді ғана алады. Ал тұтынушының ары қарайғы әрекеті, тауарды сатып алуы туралы ақпарат берілмейді.

Оған компанияның жеке деректерге қатысты ұстанатын саясаты себеп. Осыған дейін Open AI компаниясы пайдаланушылардың деректерін «ешқашан жарнама берушілерге сатпаймыз» және ChatGPT-дегі диалогтар құпия болып қалады деп уәде берген еді.

OpenAI ChatGPT ботына жарнама орналастыратыны туралы қаңтардың ортасында хабарлады. Ол сервистің тегін нұсқасын пайдаланушыларға және Go тарифінің жазылушыларына көрсетіледі.