
29 қаңтарда Алматы қаласының Ақсай шағын ауданында орналасқан Ozyurt түрік мейрамханасының ғимараты бұзылды. Бұл туралы Kursiv.Media мегаполис әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Қала билігі бұған дейін жүргізген тексеру барысында «Ozyurt» фирмасы ғимаратқа қосалқы нысанды рұқсатсыз салғанын анықтаған. Бейсенбі күні техника Ақсау-5 шағын ауданындағы 25-үйдегі нысанды бұзды.
«Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды», – деп хабарлады әкімдік.

Мегаполис билігі меншік иесі жауапқа тартылғанын, 2025 жылғы 21 ақпанда сот нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарғанын еске салды. Енді заңсыз ғимарат сот орындаушыларының қатысуымен сүріліп жатыр.
Осы аптада ғана Алматы билігі әуежай маңындағы екі тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатқан.