Жаңалықтар

AO-2026: теннисші Анна Данилина тағы да финалға шықты

Анна Данилина и Александра Крунич выиграли второй матч в новом теннисном сезоне
Данилина/Крунич жұбы / фото: wtatennis.com

Қазақстандық теннисші Анна Данилина екінші мәрте Үлкен дулыға санатындағы ірі турнирдің финалына шықты. Серб қызы Александра Крунич пен Данилина жұбы бейсенбі, 29 қаңтар күні Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалында жеңіске жетті.

Анна мен Александра бүгін Габриэль Дабровски мен Луиза Стефани жұбымен кездесті. Тартысты өткен матч үш сетке созылды. Алғашқы партия жеңімпазы тай-брейкте ғана анықталып, мұнда Данилина/Крунич басым түсті. Бірақ екінші сете 6:3 есебімен жеңілді. Финалға шығатын жұп матчтың үшінші партиясында ғана анықталды. Қорытынды сетте Анна мен Александра 6:4 есебімен басым түсіп, финалға өтті.

Данилина осымен екінші мәрте Үлкен дулыға санатындағы ірі турнирдің ақтық сынына өтіп отыр. Анна осыдан төрт жыл бұрын, 2022 жылы дәл осы Мельбурнде чемпион атағына таласқан. Сол кезде ол Беатрис Хаддад Майямен жұп құрған. Алайда олар Катержина Синякова мен Барбора Крейчикова жұбына есе жіберген.

Анна мен Александраның финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ. Екінші жартылай финалда Мертенс/Чжан және Звонарева/Шибахара жұптары ойнап жатыр.