
Алматылық «Қайрат» футбол клубы беларусьтік жартылай қорғаушы Валерий Громыко мен ресейлік қорғаушы Егор Сорокинмен қош айтысты, деп хабарлайды футбол клубының баспасөз қызметі.
29 жастағы Валерий Громыко келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Алматы клубынан кетеді. Валерий 2024 жылдың жазында қызылордалық «Қайсардан» «Қайратқа» ауысып, командаға Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алуға көмектесті.
Громыко жаңа маусымды Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта «Ақтөбені» жеңіп, голмен және нәтижелі ассист жасаған. Сондай-ақ, «Қайратпен» бірге УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты.
Бір жарым жыл ішінде «Қайрат» сапында Валерий Громыко 57 матч өткізіп, жеті гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
30 жастағы Егор Сорокин келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты алматылық клубтан кетеді. Ол «Қайрат» сапына 2024 жылдың жазында қосылып, тез арада команданың қорғаныс шебінің маңызды бөлігі болды. Команда сапында екі рет Қазақстан чемпионаты мен ел Суперкубогын жеңіп алды.
Команданы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығарған «Селтикпен» мачтағы пенальти кезеңінде шешуші гол соқты. Командадағы бір жарым жыл ішінде Сорокин 54 матч өткізіп, екі гол соғып, екі ассист берді.