Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі базар үшінші рет аукционға шығарылды

Рынок «Байсат»
Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі базар үшінші рет саудаға шығарылды / yandex.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматыдағы «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы үшінші рет жеңілдікпен аукционға шығарылды. Бұл жолы бастапқы баға 24,77 млрд теңгені құрады.

Үшінші аукцион максималды жеңілдікпен

Sauda.e-qazyna.kz ақпаратына сүйенсек, Қайтарылған активтерді басқару компаниясы «Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесін сату бойынша үшінші электрондық аукцион жариялады. Сауда-саттық 2026 жылғы 5 ақпанда сағат 12:00-де бағаны көтеру үшін онлайн-форматта өтеді.

Бұған дейін актив екі рет сатылымға шығарылған болатын: 2025 жылы қыркүйекте бастапқы бағасы 28,64 млрд теңге және 2025 жылы желтоқсанда – 26,71 млрд теңге.

Ең тиімді сауда-саттық

«Ағымдағы баға бастапқы бағалаудан барынша төмендетілген болып. Үшінші сауда-саттық активті оның бағалау құнынан едәуір төмен сатып алудың жалғыз мүмкіндігі», – деп атап өтті компания.

«Байсат» базары тұрақты ақша ағыны, қалыптасқан клиенттік базасы және дамыған инфрақұрылымы бар жұмыс істеп тұрған коммерциялық объект ретінде орналастырылған. Басқарушы компанияның деректері бойынша, активті басқару кезеңінде арнаулы мемлекеттік қорға 349,7 млн теңге аударылды.

Кәсіпорынның кірісі 225,0 млн теңгеден 413,4 млн теңгеге дейін өсті, салықтық және өзге де міндетті аударымдар 13 еседен астам ұлғайды және 324,2 млн теңгеге жетті. Модернизациядан кейін сауда орындарының саны 2200-ден 3000-ға дейін өсті.