Жаңалықтар

31 қаңтардан бастап зейнетақы жинағы тек ипотеканың негізгі қарызына жұмсалады

Фото: kursiv.media

2026 жылғы 31 қаңтардан бастап Отбасы банкінің ипотекасын өтеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері өзгерді. Бұл түзетулер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының жарлығымен бекітілген және 31 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Не өзгерді

Зейнетақыны пайдалану ережелерінде «қарыз» ұғымы «негізгі қарыз» деп өзгертілді. Бұл дегеніміз:

  • Зейнетақы жинақтары арқылы ипотека бойынша пайыздар төленбейді;
  • БЗТ көмегімен барлық ай сайынғы төлемді жабу мүмкін емес;
  • БЗТ тек негізгі қарызды азайту үшін пайдаланылады.

Ал пайыздар, айыппұлдар, кешіктірілген және кейінге шегерілген төлемдер, сондай-ақ депозитке міндетті аударымдар тек қарыз алушының өз қаражаты есебінен төленеді.

Айта кетейік, қазақстандықтар енді «Отбасы банктен» басқа да банкте тұрғын үй жинағын ашып, баспанаға ақша жинай алады. Өйткені коммерциялық банктерге де тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат берілді. Өзгеріс 19 нурыздан бастап күшіне енеді.