Жаңалықтар

«Қарабах» – «Ньюкасл»: Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

фото: UEFA.com

УЕФА Чемпиондар лигасының өтпелі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша Еуропаның алпауыт клубтары 1/8 финал жолдамасы үшін өзара мықты жұптармен бақ сынайтын болды.

Әзербайжанның «Қарабах» клубы түйісу матчында Англияның «Ньюкасл Юнайтедпен» кездеседі. Алғашқы матчтар 17–18 ақпанда өтсе, қарымта ойындар 24–25 ақпан күндеріне жоспарланған.

Жеребе нәтижесінде келесі жұптар анықталды:

  • «Реал Мадрид» – «Бенфика»
  • «Интер» – «Буде Глимт»
  • «Олимпиакос» – «Байер»
  • «Галатасарай» – «Ювентус»
  • «Монако» – ПСЖ
  • «Қарабах» – «Ньюкасл Юнайтед»
  • «Боруссия Дортмунд» – «Аталанта»
  • «Атлетико Мадрид» – «Брюгге»

Еске сала кетейік, мадридтік «Реал» соңғы ойында ғана Португалияның «Бенфика» клубымен ойнап, қақпашы Анатолиий Трубиннен гол жіберген еді.

Бұған дейін, турнирлік кестеде алғашқы сегіз орын алған команда 1/8 финалына тікелейі өтетінін жазған едік.