Жаңалықтар

Жаңаөзенде жеті баланың анасын пышақтап өлтірген

пышақ кісі өлтіру қылмысы
Басты күдікті – марұмның күйеуі / фото: shutterstock

Жаңаөзен қаласында жеті баланың анасы кісі қолынан қаза тапты. Басты күдікті – марқұмның күйеуі. Бұл туралы Kursiv.Media жергілікті Lada.kz басылымы таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Қайғылы оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзенде болған. 44 жастағы әйел пышақталған. Марқұмның артында жеті баласы қалды. Оның бесеуі кәмелет жасқа толмаған.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, ауыр қылмыстағы басты күдікті – марқұмның күйеуі. Ер азамат ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Алдын ала дерекке қарағанда, ерлі-зайыптылар арасында тұрмысқа қатысты дау туып, арты қайғылы оқиғаға ұласқан. «Кісі өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Жаңаөзенде жас дәрігер кісі қолынан қаза тапқан. Оны аурухана ғимаратында пышақтап кеткен.