
Жапонияның солтүстік және солтүстік-батыс өңірінде қалың қар жауып, 18 адам қайтыс болды. Тағы 267 адам зардап шекті. Бұл туралы елдің Өрт қауіпсіздігі және табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі агенттіктен хабарлады.
Жапония үкіметінің мәліметінше, 20 қаңтардан бастап рекордты қар жауған. 25 қаңтарда дәл сондай көлемде тағы да қайталанды. Құрбандардың көпшілігі қар тазалағандағы, қар көшкіні кезіндегі оқыс оқиғалардан қайтыс болған.
Аомори префеектурасындағы қар деңгейі 4,6 метрден, ал Хоккайдо аралындағы Саппоро қаласындағы қар биіктігі 1,1 метрден асқан.
Ауа-райы күрт нашарлауынан елдегі транспорт қозғалысы да тоқтады. Әуежайда мыңдаған адамдар ұша алмай, терминалда күтіп қалуға мәжбүр болды. Транспорттық дағдарыс кеміндегі елдегі 481 мың адамды қамтыған.
Еске салайық, бірінші ақпанда Қазақстан аумағында да дауылды ескерту жарияланған еді.