
Алматыда Шақшақ Жәнібек көшесіндегі №3 тұрғын үйдің үшінші қабаты бұзыла басталды. Жұмыстарды меншік иесінің өзі жүргізеді, сот шешімін орындайды, деп хабарлады Қала құрылысын бақылау басқармасы.
Мемлекеттік органның мәліметінше, жоспардан тыс тексеру кезінде үй иесі рұқсат құжаты жоқ ғимаратты қайта құрып, ауданы шамамен 200 м2 болатын үшінші қабатты тұрғызғаны анықталды.

Оған ғимараттың заңсыз салынған бір қабатын белгіленген мерзімде қирату туралы бұйрық берілді. Меншік иесі талапты орындамады, содан кейін басқарма Медеу аудандық сотына талап арыз берді. 2025 жылдың тамызында сот үшінші қабатты бұзу туралы шешім қабылдады. Ғимаратты бұзу 1 ақпанда басталды.