
Бәзбіреулер UFC дүлдүлі Шавкат Рахмоновтың атынан әлеуметтік желіде фейк парақша ашқан. Бұл туралы спортшының өзі жазды.
«Әлеуметтік желілерде менің атымнан фейк аккаунттар ашылып жатыр. Онда жарияланған жазбалар мен пікірлердің маған ешқандай қатысы жоқ. Жалған аккаунт. Арандатушылыққа ермеңіздер. Тек ресми және тексерілген дереккөздерге сеніңіздер», – деп жазды Рахмонов.
Жалған парақшада халық талқылап жатқан Конституция жобасына қатысты пікір жазылған.
Әйелі жол апатына түсті
Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында жол апатына түсті. Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам көз жұмды. Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Гүлайым Рахмоновадан қылмыстық істе қорғалуға құқығы бар куә ретінде жауап алынған.