Lifestyle

Барокко стиліндегі пәтер КУВА жүйесінде сатылымға шықты

квартира
Барокко стиліндегі пәтер КУВА жүйесінде сатылымға шықты / Фото: КУВА

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының (КУВА) лоттарының ішінде еуропалық сарайлардағыдай фрескалар мен интерьерлері бар пәтер пайда болды. Лот КУВА сайтында орналастырылған.

Фото: КУВА

Ауданы 231,8 шаршы метр тұрғын үй Астанадағы «Green Village» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Пәтердің бастапқы бағасы – 214 млн теңге. Сауда-саттық 18 ақпаннан басталады.

Фото: КУВА

Пәтердің интерьері бағандармен, витраждармен, каминмен және періште фигуралары салынған шатырмен ерекшеленеді. Бұл пәтер қарапайым қалалық тұрғын үйге қарағанда еуропалық сарайлардың залдарын еске түсіреді.

Фото: КУВА

Айта кетейік, бұл тұрғын үй кешені Астанадағы ең қымбат жабық қалашықтағы тұрғын үй кешендерінің бірі. Мұнда пәтерлердегі шаршы метрдің бағасы 1 миллион теңгедей болады.