Банк пен қаржы

Доллар қайтадан қымбаттай бастады

доллар мен теңге бағамы
Доллар қайтадан қымбаттай бастады / фото: shutterstock

2 ақпандағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы қайтадан өсті.

Бағам бір доллар үшін 505,17 теңгені құрады. Бұл алдыңғы аптадағы деңгейден 3,93 теңгеге жоғары. Сауда-саттық көлемі 425,1 млн доллар болып, жұма күнгі көрсеткіштерден 50,7 млн долларға төмен болды.

Сауда-саттық барысында ең төмен баға 503,5 теңгеге, ал ең жоғары баға бір доллар үшін 506,6 теңгеге жетті. Бұл ретте сауда-саттық 504,9 теңге белгісімен аяқталды.

Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы қаңтардың соңғы жұмыс күнінде 503 теңге болған еді. 5 қаңтардан бастап теңге 513-тен 503-ке дейін нығайды.

Қаңтар айында республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін Ұлттық қордан 350 млн доллар сатылған. Ал ақпан айында 350–450 млн доллар сату жоспарланған. 

Қазақстан қор биржасындағы валюта саудасының орташа бір күндік көлемі бір айда 359 млн доллардан 306 млн долларға дейін төмендеді. Ал қаңтар айындағы жалпы сауда-саттық көлемі 5,8 млрд АҚШ долларын құрады.