
Италиядағы Турин қаласында тұрғындар биліктің әлеуметтік орталықты сүруіне қарсы болды. Осы себеппен 15 мыңға жуық адам көшеге шығып, соңы әлеуметтік наразылыққа ұласты деп жазады халықаралық БАҚ.
Алғашқыда щеру көпшілік пікірін білдіріп, бейбіт түрде басталғанымен, соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Полицейлердің бірі көтеріліске шыққан азаматты ұрып соққан. Оны көрген өзге тұрғындар сол маңайдағы тәртіп сақшыларына жаппай тиісе бастайды.
«Бұл кісі өлтіруге оқталу»
Италия журналистерінің жазуынша, 97 полицей жарақат алған.
Елдің премьер-министрі Джордж Мелони Туринге барып, ауруханада жатқан тәртіп сақшыларымен кездесті.
Біреуді балғамен ұрғанда, оның салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін біле отырып әрекет етесің. Бұл протест те емес, қақтығыс та емес. Мұны кісі өлтіруге оқталу деп атайды, – деп атап өтті Италияның премьер-министрі.
Осыған дейін Францияда да ірі көтеріліс болып, халық үкімет саясатына қарсы болып, жаппай көшеге шыққан еді.