
Трансформация жасаумен айналысатын Ирина Раззах Жанар Байсемізге сұхбат беріп, жеке өмірі туралы алғаш рет ашылып айтты. Подкаста ол біршама блогер мен коучтің «бетпердесін» шешті. Соның ішінде Мақпал Қаратай, Айнұр Тұрсынбаеваларға ерекше тоқталып өтті.
Иринаның айтуынша, әлеуметтік желіде танылмай тұрғанда коуч Мақпал Қаратайдан жарнама сатып алған. Жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеге келіскен. Бірінші траншпен 1,5 миллион теңге бергеннен кейін жасалған жарнаманың нәтижесінде Қаратайдан бар болғаны 700 оқырман келген. «Аудиториясы үлкен адамнан осынша ғана адам келгені өте аз», дейді Ирина. Жарнаманың қалған сомасын басында бермей-ақ қой деген Мақпал кейіннен тауарлай да, ақшалай да алып алған. Әйтсе де, «мен сені жұлдыз қыламын» деген уәдесін сол күйі орындамаған. Мақпалдың қасында жүргеніне мәз болған Ирина.
Раззах алғашында Мақпалдың қасында жүріп, берген ақшасының өтемінен көбірек алып алғысы келген. Бірақ кейіннен аурасы жақпайтынын байқаған.
«Тек өзін айта береді. Сұхбаттасына сөз бермейді. Достарына деген өкпесін айтады. Содан өзіне жақсылық жасаған адамдары туралы осылай айтса, мендей адамды қайтсін деген ой пайда болды», – деп еске алды Ирина.
Бірде Мақпал Қаратай Иринаны Стамбулда қыдыруға шақырған.
«Таксимен кетіп бара жатырмыз. Стамбулдың бір шеті. Мақпал өзінде тылсым күш ашылғанын айтты. Ол кезде қолымен адамдарды емдеп жүрген. Өзім балгердің неше түрін көріп тастаған адаммын, әңгімесі маған қызық емес. Қазір барған кезде ішкенде ме, шеккенде ме болашақты көретін қасиеті ашылатынын айтып, маған пайдаланып қал деді. Пысық қыздар тағдырларын солай біліп алатынын айтты. Мен машинада отырғанда-ақ үйде балаларым күтіп отырғанын айтып, шекпеймін, ішпеймін дедім. Біреуіміз сау болайық дегем. Мақпал болса, «жоқ, сен көр» деп қоймады. Бірақ барғанда ол іздеген нәрсесі жоқ болып шықты», – деді Ирина.
Осы жағдайдан кейін Қаратаймен ара-қатынасын үзген. Мақпал осыдан соң өшігіп, көп жерде буллинг жасаған.
Ал Айнұр Тұрсынбаевадан өз басы жамандық көрмегенін, бірақ жарнамалап жүрген кей ісі ұнамайтынын айтты. Ал блогер Нәзира Зәру косметикасының сапасы нашар дегені үшін екеуі соттасқан. Бір жыл дегенде соттан жеңіп шыққан.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нәзира Зәрудің жаңа сүйіктісі хауызды гүлге көмкеріп, туған күнімен ерекше құттықтағаны туралы жазған едік.