
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерлер палатасының бұрынғы басшысы Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Ақпаратты Kursiv.media тілшісіне Ақорданың баспасөз қызметі растады.
Жақында Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы қызметінен кеткен. Ол қызметке экс-министр Қанат Шарлапаев тағайындалған еді.
Райымбек Баталов – Қазақстанның ең дәулетті 50 кәсіпкерінің қатарындағы бизнесмен. Ол 1970 жылы 21 қараша Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша оқу бітірген.
Тоқсаныншы жылдары «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушылар кеңесіне кіріп, «Новожамбыл фософор зауыты» химиялық кешенін, Тобол элеваторын, Меркедегі қант зауытын, Шымкент ЖЭЦ-3 басқарған.
1992 жылы бүгінде табысты дамып келе жатқан Raimbek Group холдингіне айналған «Раимбек» сауда фирмасын құрды. 2002 жылдан бастап Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
2005 жылдан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінде қазақстандық ұлттық бөліміне жетекшілік етті. Бертін Еуразиялық экономикалық комиссияның (Мәскеу қ.) кәсіпкерлік жөніндегі Кеңес комитетінің тәуелсіз сарапшысы болды.
Райымбек Баталов – Raimbek Milk, City Fair Tradeltd, «Раимбек групп плюс», Raimbek Alko, Food Trade House, Raimbek-Grain&Co, Good Food Сompany, Raimbek Agro, Raimbek Bottlers, «Капчагай Марина клаб», Raimbek ILM және басқа да компаниялар кіретін Raimbek Group холдингінің негізгі иесі.