Жаңалықтар

Жанжалдан кейін қызметтен кеткен Серік Сәпиев министрдің кеңесшісі болды

Серик Сапиев стал внештатным советником министра туризма и спорта Казахстана
Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды/фото: meta-rating.kz

Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Сондай-ақ жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі қызметін атқаратын болды.

«Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды», – деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, Серік Сәпиев бірнеше сағат бұрын Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен босатылды.

Оған дейін Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасқан видеосы тарады.

Серік Сәпиев кім?

Серік Сәпиев –  бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы.

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болған. Қазір ол Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті.