
АвтоВаз компаниясы бензин мен сығымдалған метан (CNG) отынымен жүретін жаңартылған Vesta CNG сатылымға шыққанын хабарлады.
Жаңа модельде 90 литрлік газ баллоны жүксалғышта орналасқан және оған 22 кубометрге дейін метан сыяды. Бензин багы толық 55 литр көлемінде сақталған. Дегенмен, жүксалғыш көлемі 250 литрге дейін қысқарған.
«Метанмен жүріс қашықтығы 320 км-ден, ал бензинмен бірге 1000 шақырымнан асады. Газ отынды екі-үш есе үнемдеуге, ал көлік салығын 50% азайтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлайды АвтоВаз.

Vesta CNG-да толығымен зауыт кепілдігі бар, алайда мұндай модификация АвтоВаз аумағынан тыс, «АТС-Авто» компаниясында жасалады.
Жаңартылған Vesta CNG мемлекеттік субсидияны есепке ала отырып 1 515 000 рубльден (9,9 млн теңге) басталады. Субсидиясыз бағасы – 1 881 000 рубль (12,2 млн теңге).

Модельдің Comfort нұсқасында қауіпсіздік жастығы, ABS, ESP, кондиционер және басқа да құрал-жабдықтар қамтылған.
Айта кетейік, метанды сұйытылған мұнай газымен (пропан-бутан) шатастыруға болмайды.