
Германияда қайтыс болған қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцовтың Мәскеудегі пәтерде түсірілген видеосы тарады. Видеоны ресейлік 112 Telegram арнасы жариялаған.
Ол жерде Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова мен Александр Донцовтың Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жатқаны айтылған.
Бұған дейін Донцовтарды Ресейдің тергеу комитеті тексеретіні айтылды.
112 ақпаратына сәйкес, 2 ақпанда Наталья Донцова Ресейдің «ешкім өзіне қарсы, өзінің жұбайына және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес» деген заңын пайдаланып, тергеушімен сөйлесуден бас тартқан.
Айгүл Сайлыбаеваның қазасы
Айгүл Сайлыбаева 2024 жылы 3-4 маусымда хабарсыз кеткен. 16 маусымда пышақталған денесі қала шетінен пластикалық қапшыққа салынған күйі табылды.
2025 жылдың Сайлыбаеваның бұрынғы күйеуі мен енесінде Қазақстанда іздеу жарияланды.
Адвокат Жанна Мұхамади Айгүл Сайлыбаеваның аяғы ауыр болғанын айтты. Ол күйеуі және енесі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Бұл туралы құрбыларына айтып, ұрып-соққанына айғақ болатын фото жіберіп отырған. Осыған байланысты Қазақстанда «қинау» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген.