
Төреғали Төреәлінің қарындасы – Дина үлкен ұлына көңіл бөлу үшін бөлек уақыт арнағаны туралы айтты. Үш жылда үш сәбиді өмірге әкелген жас ана арасында «балаларыма тең махаббат бере алып жатырмын ба?» деп уайымдайтынын жеткізіп, оқырманға сауал тастады.
Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасына өзекті мәселені көтеріп, оқырманның ойын сұрады.
«Бүгін Ибекемнің өзін ғана алып шықтым. Алғаш рет екеуміз ғана уақыт өткіздік. Бір қарасаң жай ғана ұсақ нәрсе сияқты. Ал мен үшін аналық жүректегі бір бос орынды толтырып, мазалап жүрген ойдан арылған сәт болды. Әр балам менің махаббатыма тойып өссе екен деймін. Кейде іштей өзімді кінәлап та аламын, жеткілікті көңіл бөле алып жатыр ма екенмін деп. Осы тұста көпбалалы ата-аналардан сұрағым келеді: шын мәнінде бәрін бірдей жақсы көріп, бәріне бірдей көңіл бөлу қолдан келе ме?», – деп уайымын айтып, оқырманға сұрақ жолдады.
Танымал әншінің қарындасы – үш баланың анасы. Тұңғышы – Ерманбиді 2023 жылы өмірге әкелді. Араға бір жыл салып шаңырақтарына Ибраһим есімді тағы бір ұл келді. Ал қаңтардың басында Медина деген қызды дүниеге әкелді.
Динаның жазбасына «Иә, кейде кішіге көп көңіл бөліп, үлкендер қалып кетіп жатады. Сіз сияқты апарып, бөлек жүріп қайтамын мен де. Жарайсыз, сіз керемет жар, анасыз. Еш уайымдамаңыз» деген сыңайда пікір жазып, қолдап жатқандар көп.
Енді бірі «арасы жақын болса қалай боларын білмеймін. Менің балаларым аралары алыс. Бар махаббатқа тойып өскен» деп жазып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлінің қор ашып, оған қызының есімін бергені жайлы жазған едік.