
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Беларуське барып, ел президенті Александр Лукашенкомен жолықты. Кездесуде Лукашенко Қазақстанмен сауда қарым-қатынасының артқанын атап өтіп, бірге өндіріс орындарын ашуды ұсынды.
«Біз тек тауар жеткізу деген шеңберде қалып қалғымыз келмейді. Қазақстанға қандай тауар қажет екенін жақсы білеміз. Бірақ қазақстандықтармен бірге өндіріс орындарын ашып, бірге жұмыс істеп, осы бағытта дамығымыз келеді. Меніңше, бір тілде сөйлескендіктен, бұл барынша жеңіл болмақ», – деді ол.
Лукашенконың атап өтуінше, ол екі ел арасындағы сауда айналымы миллиард доллар деген көрсеткішке жеткенін армандаған. Қазіргі көрсеткіш ол межеге жетті. Енді Қазақстанға көлік құрылысы, ауыл шаруашылығы жағынан көмектесе алады.
«Бізде Қазақстан үшін қажет болатын ауыл шаруашылығы, көлік құрылысы жақсы дамыған. Мен Қазақстанды кеңестік кезеңнен бері білемін ғой. Ол елде болдым, сіздердің мамандарыңыз бізге де келген», – деген ниетін білдірді Беларусь президенті.
Екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасы тұрақты дамып келеді. Былтыр жыл басында Минск Украинаға халал шұжық жеткізу туралы жоспарын мәлімдеген.