
Осы айда 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс беріледі. 9–15 ақпан аралығында барлығы 7 күн демалыс болады. 16 ақпанда оқушылар мектепке қайта оралады деп хабарлайды Kursiv Media.
Бірінші сынып оқушыларына арналған демалыс оқу жүктемесіне бейімделуіне көмектеседі. Үшінші тоқсан тым ұзақ болғандықтан, балалар қатты шаршамас үшін осындай үзіліс керек.
Педагогтер каникулды тек демалысқа емес, күн тәртібін қалпына келтіруге де пайдалануға кеңес береді:
- жеткілікті ұйықтап, күнделікті дағдылы тәртіпті сақтау;
- таза ауада көбірек уақыт өткізу;
- гаджеттер мен экран алдында отыру уақытын қысқарту;
- демалысты жеңіл зияткерлік белсенділікпен, мысалы, кітап оқумен немесе үстел ойындарымен алмастырып отыру.
Мұндай шаралар, мұғалімдердің пікірінше, балалардың оқу процесіне жеңіл оралуына және сабаққа деген қызығушылығын сақтауға көмектеседі.
Осыған дейін қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалатынын жазған едік.