
Оқу-ағарту министрлігі кәсіптік-техникалық колледждердегі мұғалімдердің айлығын артттыруды қарастырып жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында вице-министр Шынар Ақпарова мәлімдеді.
Ақпарова министр өз тарапынан да осы кәсіптік білім беретін педагогтерге жалақыны арттыру мәселесін көтергенін айтты.
«Қазір мораторийге байланысты бұл мәселе тоқтап тұр. Жан басына қаржыландыруды айтып өттіңіз. Ол кезде ұсыныс берілген. Ол жерде «ранжироаниені» төрт лигаға бөлу қарастырылған. Сол кезде ауылдық жердегі колледждер басқаларға қарағанда жалақысы одан да төмен болуы ықтимал. Сол себепті кәсіптік және техникалық колледждердегі жалақы мәселесіне толық талдау жүргізіліп жатыр», – дейді ол.
Бұған дейін Kursiv.media Қазақстанда су саласына білікті кадрлар даярлайтын колледж ашылатыны жайлы хабарлады.