Lifestyle

Ырысбала Икрамбай ұлының тұсауын үш ер-азаматқа кестірді

Ырысбала
Фото: instagram/irisbala__ikrambai_official

Блогер Ырысбала Икрамбай ұлы – Расулдың тұсаукесер тойын өткізді. Бас-аяғы 4-5 күнде шешіліп, ұйымдастырылған жиынға Қазақстан эстрадасының бірталай жұлдызы қатысқан. Оған қоса, бірге толған баланың тұсауын бір емес, үш адам кескені бұл тойды басқа тойлардан өзгеше ете түсті. 

Ырысбала мен Роман ұлының тұсауын өздері қатты құрметтеп, үлгі тұтатын үш азаматқа кестірді. Бірінші болып белгілі әнші Мейрамбек Беспаев ақ тілегін арнап, ала жіппен кесті. Артынша тағы екі ер адам тоқ ішекпен және көк шөппен күрмеуін шешті.

Ырысбала бұл туралы: «ала жіп – ешкімнің ала жібін аттамасын деп, көк шөп – өссін, өнсін, көгерсін, көктесін деп, тоқ ішек – айналасымен тоқ азамат болсын деп ырымдадық», – деп жазды.

Артынша тұсау кескен азаматтарға кәделерін беріп, шапан жапты. 

Тұсаукесерге қазақтың ерке қызы – Мақпал Жүнісова да қатысып, төрде қонақ боп отырды. Одан бөлек, тойға Роза Әлқожа төркінімен бірге келгенін айтты тілек барысында. Расулдың кіндік әке-шешесі – Әбдіжаппар Әлқожа келіншегімен тұрып тұрып қызмет етті. Ал Мұхтар Ханзада сол күні су жаңа «Қызым менің» деген әнін орындап, тұсауын кесті. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін блогер Жузефинаны емдеген Қанай сынға қалғанын жазған едік.