Lifestyle

iPhone-ның қай моделі 24% жеңілдікпен сатылып жатыр

айфон в китае
Фото: Shutterstock

Apple компаниясы ресми түрде сертификатталған, қайта жаңартылған iPhone 16, iPhone 16 Plus, iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max смартфондарының сатылымын бастады. Олардың басты артықшылығы бағасында, жаңа нұсқаларымен салыстырғанда 12–24 %-ға арзан.

Бұрын қолданыста болған iPhone-ның бұл сериясындағы модельдер Apple зауыттарында толық жөндеуден өтіп, ресми сертификатталған. Сол себепті компания олардың толықтай дұрыс жұмыс істейтініне кепілдік береді.

2024 жылғы флагмандық модельдер тұтынушылар үшін анағұрлым қолжетімді болады.

Қалпына келтірілген iPhone 16 Pro Max бастапқы 1199 доллардың (591 798 теңге) орнына 929 долларға (458 532 теңге) сатылып жатыр. Бұл сатып алушыға 270 доллар немесе шамамен 22 % үнемдеуге мүмкіндік береді.

iPhone 16 Pro моделі 759 доллар (374 624теңге) тұрады, бұл оның 999 долларлық бастапқы бағасынан 24%-ға арзан.

iPhone 16 619 долларға (305 523 теңге), ал iPhone 16 Plus 699 долларға (345 009 теңге) ұсынылады. Салыстырумалы түрде қарасақ, жаңа iPhone 16 мен iPhone 16 Plus модельдерінің ресми бағасы тиісінше 699 және 799 долларды құрайды.

Сатылымдар Apple компаниясының АҚШ, Канадада, Ұлыбританияда, Францияда, Германияда, Италияда, Испанияда, Нидерландта, Бельгияда, Швейцарияда және бірқатар басқа елдердегі ресми дүкендерінде сатыла бастады.

Қолданылған iPhone сенімді ме

Барлық сертификатталған Apple құрылғылары жаңа аккумулятормен және жаңа корпуспен жабдықталады, сондай-ақ толық тазалаудан және жан-жақты тестілеуден өтеді. Компанияның мәлімдеуінше, олардың сыртқы көрінісі мен жұмыс істеу қабілеті жаңа құрылғылардан іс жүзінде айырмашылығы жоқ. Смартфондар операторға байланбаған күйде, жеңілдетілген қаптамада, стандартты USB Type-C кабелімен бірге жеткізіледі және бір жылдық шектеулі кепілдікке ие. Кейбір елдерде Apple кеңейтілген AppleCare+ қызмет көрсету бағдарламасын да ұсынады.

Айта кетейік, осыған дейін Counterpoint Research аналитикалық компаниясы 2025 жылы ең көп сатылған смартфондар рейтингін жариялаған еді. Әлемдік нарықта дәл осы  iPhone 16 көшбасшы атанды. Ал ең танымал он модельдің жиынтық үлесі жаһандық сатылымның шамамен 19%-ына жеткен.